Мақаттықтар бөгет соғу жұмыстарына жұмыла кірісті

Мақаттықтар бөгет соғу жұмыстарына жұмыла кірісті
(0 Votes)

Атырау облысы аумағында «Төтенше жағдай» режимі енгізілуіне орай, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында облыстық жедел штаб аудандарға бірқатар тапсырмалар берген болатын. Соған сәйкес, Атырау қаласына жақын Соколок өзені сағасына бөгет салу жұмыстарына аудандық еріктілерді жұмылдыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. 

Осы ретте 7 сәуірден бастап аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, аудандағы ерікті азаматтар бөгет салу жұмыстарына белсене ат салысуда.

Айталық, қазіргі таңда облыстық штаб тапсырмасына сәйкес Атырау қаласына жақын Алмалы елді мекеніне бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Бөгет тұрғызу жұмыстарына ауданнан 200-ден астам еріктілер, 4 автобус, 4 минивен және жеңіл көліктерімен жөнелтілді.

Аталған жұмыстар 12-14 сәуір аралығында жалғасын тауып, оған мекеме қызметкерлері толығымен жұмылдырылмақ.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521