Әділет “Мақат барысы” атанды

(0 Votes)

Бүгін, 30 сәуір күні аудан да тұңғыш рет қазақ күресінен “Мақат барысы” турнирі өтті.

Сайысқа 14 балуан қатысып, бақ сынады.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов, аудан әкімі аппаратының басшысы Бекбол Әбуов және спорт саласының ардагерлері хас батырларға шын мықтыны анықтауда сәттілік тіледі.

Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша Әділет Сапарғалиев “Мақат барысы” атанды. Ал ІІ орын Дулат Аманқосовқа бұйырса, ІІІ орынды Дінмұхамед Шаменов місе тұтты. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Әділет пен Дулат 4 мамыр күні өтетін “Атырау барысында” аудан намысын қорғайтын болады.

Өз тілшіміз  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT