Абайлаңыз, алаяқтар!  

Абайлаңыз, алаяқтар!  
(0 Votes)

 Мақат ауданы прокуратурасының хаты негізінде, Мансап орталығы ескертеді.

Бүгінгі күні әлеуметтік желіде «Ескене» елді мекеніндегі құрылысы жүріп жатқан газ өндеу зауытының мердігер мекемелері «KazakhConstructionGroup», «GPS investment» компанияларына ақылы түрде жұмысқа қабылдау жүргізіліп жатқаны жөнінде жалған жарнамалар кеңінен таралуда.

Алаяқтардың басты мақсаты – «жұмысқа орналастырамын» деп тұлғалардың қаражаттарын иемденіп алу.

Айта кетейік, барлық жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII әлеуметтік кодексінің 103-бабына сәйкес Мансап орталығы арқылы жүргізіледі.

Сондықтан, егер Сізге және өзге де тұлғаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған болса, шұғыл арада құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

“МТ”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521