Жұмыс та жасаймыз, көмек те артық етпейді

(0 Votes)

Атаулы әлеуметтік көмек күшіне енгенде бұл көмектің шикі тұстарының барын байқадым. Атаулы әлеуметтік көмек құнын әлі де көтеру керек немесе алтын алқа мен күміс алқалылардың әлеуметтік жағдайын бағалайтын басқа жүйе енгізу керек деген ой мазалаған болатын. Осы аптадағы жағымды жаңалық болған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың көпбалалы отбасылардың бәріне табысын растаусыз-ақ, ай сайын 42500 теңге қаражат беруге жасаған ұсынысы көңілге қонымды болды. 

Іске асса, өте жақсы жаңалық балар еді. Өйткені бір отбасында 4 бала болғасын, қажеттілік те арта түседі. Сондықтан да, өте ақылға қонымды ұсыныс болды деп санаймын. Енді уақыт оздырмай, заң қабылданса нұр үстіне нұр болмақ. Сондай-ақ, өзімнің ұсынысым еліміздегі бүкіл көп балалы аналарға жұмыс жасағанына қарамастан, заңмен бекітілген жеңілдіктер қарастырылуы қажет деп есептеймін. Әйтпесе, қит етсе, жұмыс істейсің деп есіктен қайтарады. Сонда деймін, көп балалы отбасының ата-анасы қандай да бір жеңілдікті алу үшін масылдық көзқараспен жұмыссыз отыруы қажет пе?!                                                                                            

Осындай шикі тұстар әлі де талқыланып, министрдің тұрмыс-тіршілігімізді дұрыстауға ұсынған ұсынысы жүзеге асады деп сенеміз.

Динара ОРЫНТАЕВА,

көп балалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT