Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын ұсынғанын жаңалықтардан оқып бір қуанып қалдық.
Бұрын көпбалалы отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік көмек төңірегінде біраз түсініспеушіліктер туындағаны белгілі. Түрлі себептермен мұқтаж жандар бұл көмектен алыс қалса, кейбір пысықтар өздерінің дәулетін жасырып, бұл қаражаттан қалыс қалмады. Енді жаңа заңға билік басындағылар қолдау танытса, бұл олқылық жөнге келер еді деп ойлаймын. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңда табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізу мен кеңейту ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады", - деген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл сөзі көңілге қуаныш ұялатады.
Министрдің жаңа ұсынысында көпбалалы отбасылардың қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандарды шығарып, оларға табысына қарамастан қолдау көрсетуді ұсынды. Бұл жаңалық көпбалалы аналардың беделін мойындатып, олардың материалдық ахуалын көтереді деп сенеміз.
Г.Савильянова,
көп балалы ана