Жас ұрпақты еңбек нарығына бейімдеу керек

Жас ұрпақты еңбек нарығына бейімдеу керек
(0 Votes)

Жолдауда білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, елдің болашағын қалыптастырудағы білім саласының маңызы баса айтылды. Еліміздің білім беру саласын жаңа деңгейге көтерудің стратегиялық жоспарын ұсынды. Жолдаудағы білім сапасын арттыру, мұғалімдер мәртебесін көтеру және цифрлық технологияларды енгізу – барлығымыз үшін маңызды міндеттер. Сондықтан да білім саласының жаңа даму кезеңінің бастамасы деп қабылдауға болады. 

Бұл міндеттердің орындалуы оқытудың заманауи тәсілдерін жедел енгізуді, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды үздіксіз ұйымдастыруды және цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды талап етеді.

Білім саласындағы жаңа реформалардың маңыздылығы сол, Президенттің өзі атап өткеніндей, білім беру жүйесін жаңғырту – Қазақстанның халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.

Жолдауда білім берудің негізгі мақсаты – балаларды тек біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар оларды өмірге дайындау, еңбек нарығына бейімдеу екенін атап өтті. Сол үшін де біз оқушыларымыздың сыни ойлау, топпен жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Біз өз тарапымыздан мектепте цифрлық білім беру құралдарын одан әрі жаңғыртып, оны енгізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, мұғалімдерді біліктілікті арттыру курстарына жіберу – алдағы уақыттағы басымдықтарымыздың бірі болмақ. Жолдауда қойылған міндеттерді орындау – баршамызға жүктелген жауапкершілік. Біз тек бірлесе әрекет ету арқылы білім беру саласын жаңа деңгейге шығара аламыз.

Шынаргүл ИМАШОВА,

Дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия директоры

Атырау қаласы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT