ҚЫЗМЕТ САПАСЫ – МАҢЫЗДЫ ТАЛАП

ҚЫЗМЕТ САПАСЫ – МАҢЫЗДЫ ТАЛАП
(0 Votes)

Мемлекет басшысы кешегі Жол дауында атап өткеніндей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы оң өзгерістерге алып келді.

«Дегенмен мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек» деген Президент сөзі бізге зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Өйткені, қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Әрі көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Сонымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не?

Ол – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырыла тын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; - мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік. Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті. Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.

Стандарт дегеніміз – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап тарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт. Ал, регламент – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, Мемлекеттік кор порациямен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау», «Е-қызмет», «Defаиlt» электронды қосымшалары арқылы көрсетіледі.

Ләззат КАНАПИНА,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521