Исатай ауданы Томан ауылындағы электр желілерінің ескіруі тұрғындар наразылығын тудырып жүрді. Қазір бұл мәселе оң шешімін тауып, желілер қайта жаңғыртылып, Х.Ерғалиев ауылындағы #83 «Новобогат» 110/10 кВт қосалқы трансформаторынан 30 шақырым электр желісі жүргізілуде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Электрмен жабдықтау былтыр қарашада басталып, аяқтала келді. Бас мердігер мекеме - «Айком Ltd» ЖШС. Қосалқы стансаға ұяшық қойып, электр жабдықтарын орнату жұмыстары жүруде. Тұрғындарға уақытша кернеу осы айдың аяғында пайдалануға беріледі. Оны толықтай іске қосу жыл аяғына жоспарланды,- деді Энергетика және ТҮКШ басқармасының инженерлік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы Әділет Бақтығалиев.