Махамбет ауданының төрт ауылына су құбырын тарту жұмыстары басталады

Махамбет ауданының төрт ауылына су құбырын тарту жұмыстары басталады
фото: temirtautynysy.kz
(0 Votes)

Шілденің аяғында Бала Ораз, Атамбаев, Көздіқара, Есмахан ауылдарына жалпы ұзындығы 65 987,4 метр су құбырын тарту құрылысы басталады,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жігербек Төлеуғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда құрылысқа рұқсат алу үшін сараптамаға хат жолданған.

- Мемлекеттік сараптамадан рұқсат келген соң, жұмыстарды бастаймыз. Мердігер мекемелер анықталды. Жоспар бойынша Бақсай ауылдық округіндегі Есмахан ауылын - 6, Көздіқараны - 5, Ақтоғай ауылдық округі Атамбаев ауылын - 7, Бала Ораз ауылындағы жұмыстарды 2 айда аяқтаймыз. Оның нәтижесінде ауыл тұрғындары таза ауыз сумен толық қамтылады,-деді Ж.Төлеуғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT