Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да Қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық саяси тұрақтылығын анықтайтын факторлардың бірі.
Республика экономикасы дамуының басым бағытында ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Соның бір айғағы ретінде «АгроҚаржы-2020» бағдарламасы бойынша ЖК «Бисембаев» жол-құрылыс техникасын кепілге қою арқылы пайдасын көріп, жұмысын жалғастыруда. Агролизингтің шарттарымен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы «Қожағали» шаруа қожалығы жаңа техникасын алып, екі-үш жылдар бойы мал шаруашылығына пайдаланып төрт-түлігін көбейтіп, жұмысын жүргізіп отыр.
Нақтырақ айтсақ, лизингтің несиеден бір айырмашылығы келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Аристотельдің «Пайда алу мақсатында мүліктің болуы міндет емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады» атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Осы лизинг идеясын ауыл тұрғындары жақсы түсініп алып, пайдасын көрсе деймін. Ауыл мен селолардың өмір сапасын жақсарту-мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Ендеше, ауылды түлетуді ауыл шаруашылығын өркендетуді - отанымызды түлету деп түсінген жөн. Олай болса, ауыл мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған еңселі міндеттерге үлесімізді қосайық.
Г.САТИЕВА,
аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.