Жыл соңына қарай балаларға деген қайырымдылық істер бірінен соң бірі жалғасын тауып, мүмкіндігі шектеулі балаларды қуантудан жалықпауда. Олардан жергілікті әкімдіктер де қалыс қалмауда.
31 желтоқсан күні Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, демеушілердің қолдауымен Мақат ауданының 3 пен 15 жас аралығындағы 159 ерекше балаға және олардың 3 пен 15 жас аралығындағы 252 бауырына бағалы сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді.
«Бұған дейін де демеушілер тарапынан сыйлық алып бір қуанып қалған болатынбыз. Балаларымызды елеп-ескеріп жатырғандарыңызға рақмет! Жаңа жылымыз құтты болсын!», - деп алғысын жаудырды ата-аналар.
А. Жұмабекұлы