Желтоқсан айының 30 күні Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының әлеуметтік қызметкерлері Меңдіхан Мұханбетқалиева «Әлеуметтік саланың үздігі» төсбелгісімен марапатталса, Светлана Қадырбаеваға Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің «Құрмет грамотасы» табыс етілді.
Марапаттарды Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Хамидоллаұлы тапсырды.
Е.Асылбек