Сервистік қызмет сапасы артып келеді

Сервистік қызмет сапасы артып келеді
(0 Votes)

Бүгінде үй асханасында әзірленген тағамдарды тұтынушыға жеткізу қызметі сұранысқа ие екенін жақсы білеміз. Әсіресе, көшпелі банкеттер, кейтерингтер, фуршеттерді жеткізу және ұйымдастыру қызметтерін ұсынатын компанияларға қойылатын талап пен талғам артып келеді. 

Кәсіпкер Гүлзада Ізбасова өз бизнесін ашқанға дейін ұзақ жылдар бойы қонақ үй бизнесінің қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеген. Ол осы тәжірибесінің арқасында үй асханасы тағамдарын тез жеткізетін цех ашып отыр. «Инфинити-19» ЖК-ның құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттен қолдау алды.

Бүгінде «ASTIME» орталығы кез-келген іс-шараны, салтанаттарды безендіретін жаңа тағамдардың кең ассортиментін ұсынады. «Мемлекеттік қолдаудың арқасында компания жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік алады. Болашақта батыс өңірлер бойынша филиалдар ашуға ниеттіміз»,-дейді компания басшысы Гүлзада Ізбасова.

Жалпы, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 41,6 миллиард теңге бөлініп, 1000-ға жуық шағын әне орта бизнес субъектісі қолдау тауып, 529 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 634 кәсіпкердің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланып, 318 кәсіпкердің жобасы 10,2 млрд. теңгеге кепілдендірілген.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT