Республика күні қазақстандық отбасыларда 850 сәби аман-есен дүниеге келді, оның ішінде 7 егіз, 434 ұл, 416 қыз, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Тәуліктік туу бойынша көшбасшы 122 бала туған Түркістан облысы болды, екінші орында Астана, онда 89 отбасында толығу атап өтілді, үшінші орында – Алматы, мұнда 88 сәби дүниеге келді.
Жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің денсаулығын сақтау мақсатында босандыру қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және өңірлік сараптамалық кеңестер барлық жерде жұмыс істейді, ауыр жағдайда әйелдерді емдеуге жатқызу үшін жеке посттар ұйымдастырылған, сондай-ақ мамандардың қатысуымен жүкті әйелдерге тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.