Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қатысты маңызды мәселелерді көтерді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, өмір сүру сапасын арттырудың шешуші факторы азаматтар үшін, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы тұрғын үйлердің қолжетімділігі болып қала береді. Өткен жылы мұндай азаматтар үшін мемлекет 21 мыңға жуық пәтер сатып алды.
Мемлекет мүгедектігі бар адамдарға ерекше көңіл бөледі және қолдау көрсетеді. Мәселен, соңғы екі жылда еліміздің бірқатар қалаларында (Семей, Тараз, Кентау, Орал) ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін заманауи оңалту орталықтары салынды. Президенттің айтуынша, 2026 жылдың соңына дейін Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Шымкент және Талдықорған қалаларында осындай орталықтар ашу қажет.
Сонымен қатар, әрбір облыс орталығында аутизмі бар балаларды қоса алғанда, ерекше балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру қажет. Өкінішке орай, мұндай диагнозы бар балалардың саны бүкіл әлемде тез өсуде, ал Қазақстан да ерекшелік емес. Сондықтан мұндай диагнозы бар балалардың ата-аналары Астанаға баруға мәжбүр, өйткені облыстарда мұндай орталықтар жоқ.
"Үкімет пен әкімдерге бұл міндетті дереу шешуді тапсырамын. Әрбір облыс орталығында ерекше балалармен және аутизм диагнозы қойылған балалармен айналысатын нысандар салынуы тиіс. Демеушілер мен "Қазақстан халқына" Қорының қатысуының арқасында істе белгілі бір ілгерілеушілік бар. Үкімет пен әкімдер бұл жұмысты жандандыруы керек",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент айтқандай, Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар әрбір бала толыққанды білім алуы тиіс. Бұл түбегейлі мәселе. Сондықтан, ағымдағы жылдың соңына дейін ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдауды реттейтін жаңа заң әзірлеу қажет.
Жанар Әбіш,
Атырау облысы ҚХА "Алтын шаңырақ" Аналар кеңесінің төрағасы