Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан талай асуларды бағындырды.
Алайда кейбір ғалымдар мен қоғам белсенділерінің әлі де болса еліміздің жылнамасын қасіретке толы тарихи оқиғалар тұрғысынан қарайтыны жасырын емес.
Бұл туралы Мемлекет басшысы кешегі Көкше баурайында өткен Ұлттық Құрылтайда да айтып өтіп, тарих ғылымының дамуына тоқталып өтті.
Иә, тарихтың алыстаған сайын сағымға айналатынын ескерсек, еліміздің төл тарихын жаһандық өркениет парадигмасы тұрғысынан кеңейту ұтымды шешім деп ойлаймын.
Өйткені төл тарихымыздың ауқымын белгілі бір оқиғалар арқылы тану оның ауқымын шектейді.
Мейрамгүл Сұлтан
Мақат кенті тұрғыны