Мұсылманның әр күні мереке” десек те, ұлық болған құрбан айттың қадірі исі қазақ үшін қашан да жоғары.
Жақсылықта жарысып жүретін жаны жайсаң белсенділер бұл жолы да ауыз біршілік танытып кенттегі кішкентай балақайларымызға мерекелік қорапша таратты. Орталық мешіттің ұйытқы болуымен өткізілген “Құрбан айт базарлығы” қайырымдылық шарасы аясында 198 балаға сыйлық үлестірілді. Көптеген тәттілер, жүгері, алма, мандарин, шырынды сусындармен қамтылған кішкене қорапшалардың балаларға үлкен қуаныш сыйлағаны анық.
Ерікті жастар ерінбестен мереке күні 80/5,6, ескі мақат, “Жеңіс” саябағы, “жаңа үй”, орталық алаң секілді жерлерді аяқтай аралап, кезіккен бүлдіршінді құр алақан қалдырмады.
Мерекенің жылы шырайы сезілуі үшін жасалынған игі шараға балалар да ата-аналар да дән риза. Осылайша қазақы дархан көңіл мен мұсылмандық көркем мінезі бойына ұштасқан ерікті жастарымыз Құрбан айттың өзге дін өкілдерінің мерекесінен еш кем емес екенін ұғындырды.
А.САДЫКОВ