Қуаныш сыйлаған турнир

(0 Votes)

Тағдырдың кейбір жандарға салған тауқыметінен кейде біздің ауызбіршілігіміз де сынға түседі. Қиын сәтте қолдау білдіріп, шамасы келгенше мұқтаж жанның жоқ-жітігін түгендеу - тек азаматтарға тән іс.

Доссор кентіндегі көпбалалы отбасы, қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету аумақтық орталығынан үйден қызмет алушы Сағынтайұлы Тұрсынтай 2009 жылы дүниеге келсе, кішкентай қарындасы Алтынай 2012 жылы туған. Бір өкініштісі, бүлдіршіндерге ДЦП диагнозы қойылған. Олардың тірек-қимыл қозғалысы өте баяу болғандықтан, балаларға арналған вертикализатор құрылғысы керек еді. Осы ретте аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының директоры Ж.Есенгужин аудандық спорт бөліміне қайырымдылық турнир өткізуге қолқа салған болатын. Бір жағынан бұл ұсыныс аудандағы барлық еріктілердің құлағына жеткесін бәрі бірауыздан құп алып, жарыс 24-27 ақпан аралығында ойдағыдай өтеді.

"Қос кенттен 30-ға жуық команданың басын қосқан қайырымдылық турнирі төрт күнге созылғанын білесіздер."- дейді шараның басы-қасында жүрген А.Теңдібай.

Осылайша қос бүлдіршіннің жүзіне кішкене болса да қуаныш ұялатқан турнирге қатынасушы әр үміткер түгелімен жеңімпаз атанды.

Шарадан жиылған қаржыға керекті құралдар алынып, өткен аптада аталған отбасыға арнайы табыс етілді. Сондай-ақ артылған ақшаға азық-түлік алынды.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT