Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұлттық қор қаражаты, сіз тапсырғандай, тек ірі инфрақұрылымдық нысандарды салу үшін сұралатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін күшейтеміз", – деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ, Бектенов өз баяндамасында субсидияларға арналған шығындардың барлық салаларда тұрақты түрде өсіп жатқанын атап өтті. Алайда олардың нақты тиімділігі ескерілмейді, ал мемлекеттік органдар тарапынан бақылау әлсіз болып отыр.