Махамбет ауданының 12 елді мекенінде су тазарту ғимараты қайта жаңғыртылып жатыр

(0 Votes)

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданының тұрғындармен кездесіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алда атқарылатын жұмыстар талқыланды,-деп хабарлайлы облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Серік Шәпкенов Махамбеттің өзекті проблемаларына айтып, жұмыстардың жүру барысына тоқталды. Мұнда сапалы ауыз су беру мәселесі өзекті. Аймақ басшысы бұл мәселені жыл соңына дейін шешу жоспарланғанын атап өтті.

- Сапалы ауыз сумен қамту бағытына тоқталып өтсем, осы кезге дейін ауыз су тасымалданып келген Есмахан, Көздіқара, Атамбаев, Бала Ораз елді мекендеріне су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар, аудандағы су тазарту имараттарының тозығы жетіп, 12 елді мекенде жаңғырту жұмыстары жүруде, жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек, бірнеше жыл бойы жөндеу көрмеген Махамбет ауылындағы су тазарту қондырғылары жаңасына ауыстырылып, іске қосылды. Жалғансай ауылының жазғы су желісін қайта жаңарту және жаңа ықшамаудандарға су желісін жүргізу жұмыстары келер жылы аяқталады,-деді С.Шәпкенов.

Бұдан бөлек, облыс әкімі тасқын кезінде соғылған бөгеттерді мемлекет меншігіне алынатынын, бұл бағыттағы жұмыстар басталғанын атап өтті.

Махамбеттіктер жиында ауыз сумен қамту, баспана беру, жол салу және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Өңір басшысы оларды өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Серік Шәпкенов сала мамандарымен бірге азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдап, олардың сұрағына жауап берді.

Серік Шәпкеновтің Махамбет ауданы тұрғындарымен өткен кездесуі аудан әкімдігінің Facebook және Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT