Ұлытаулық ұстаздар АЭС салу мәселесін талқылады

(0 Votes)

 Парламенті Сенатының депутаты Советбек Медебаев пен Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин Сәтбаев қаласында білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.

Республикалық штаб мүшелері АЭС салу бойынша 6 қазанда өтетін референдумның маңыздылығын түсіндірді. Елімізде электр энергиясының тапшылығына байланысты туындап жатқан түйткілдерді мысалға келтіре отырып, атом энергетикасының тиімділігі туралы айтты. Кездесу барысында ұстаздар қауымы маман дайындау мен экологиялық қауіпсіздікке қатысты сауалдарға жауап алды.

Советбек Медебаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 6 қазан күні келіп өз таңдауын жасау керектігін айттық. Енді АЭС салу керек деген ақпарат бүкіл әлеуметтік желілерде жүріп жатыр. Қазір барлық, айтып отырм ғой, Сенаттың 50 депутаты болса өңірлерде жүр. Мәжілістің 98 депутаты өңірлерде. Халыққа түсіндіріп, қойған сұрақтарына жауап беруге келдік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT