Ч. Батра: Атом қуаты Қазақстанға тың сала емес

(0 Votes)

Еліміз коммерциялық атом энергетикасы бойынша жаңа ойыншы саналуы мүмкін. Бірақ атом қуаты Қазақстан үшін тың сала емес. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің жобалық менеджері Чираю Батра осылай деді.

«Қазақстан – уранға бай мемлекет. Ядролық зерттеулер бойынша тәжірибесі мол. Сондықтан ұлттық ядролық бағдарламаны дамытуға әлеуеті әбден жетеді», – дейді сарапшы.

Чираю Батра, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің жобалық менеджері:

- Адами ресурсты дамыту жағы Қазақстанға қиынға соқпайды. Өйткені елдеріңізде ядролық ғылым мен зерттеу саласында тәжірибе көп. Басқа елдермен салыстырсақ, уақыт пен күш әлдеқайда аз жұмсалады. Нормативтік базаны әзірлеу де күрделі болмайды. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің нұсқаулары мен талаптары да жеңіл орындалады.

Ұлттық ядролық бағдарлама сәтті жүзеге асу үшін қоғамдық һәм саяси қолдау қажет. Чираю Батраның айтуынша, атом қуатының артықшылығы мен тәуекелін ашық түрде айту керек. Қазақстандағы уран қорының көптігі стратегиялық артықшылық саналады. «Сондықтан мүмкіндікті сауатты пайдаланып, елдегі энергия қорын арттыру керек», – дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT