Көпбалалы отбасының иесі болу - жауапты көзқарас

(0 Votes)

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту - елдің әлеуметтік саласының басты міндеттері болып табылады. Соңғы жылдары бұл саланы дамытуға  бюджеттен көп қаражат бөлінді. Күні кеше Қазақстан үкіметі 2020 жылдан бастап көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін  көбейтіп, табысы аз отбасыларға берілетін көмекті  өзгертуді ұсынды.

Бұл ұсыныс қазір заң жобасы ретінде тұр. Егер заң жобасы мақұлданар болса, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалары 18 жасқа толмаған көп балалы отбасыларға табысына қарамастан 42 мыңнан 72 мың теңгеге дейін  жәрдемақы беріледі.

Көпбалалы отбасылар – еліміздің нағыз азаматтарын, патриоттары мен еңбеккерлерін тәрбиелеу үшін қуатты әлеуметтік орта. Сондықтан көпбалалы отбасылары үшін жасалар мүмкіндік жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға, жақындарына көмектесуге,  мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге, өз отбасы мен  елінің қорғаны болуға үндеуге септігін тигізер деп ойлаймын.

Жалпы, көпбалалы отбасының иесі болу  - жауапты көзқарас. Ол бүгінде  еңбекқорлық пен өзін-өзі іске асыруға ұмтылу арқылы жүзеге асуда. Бұл қолдау жүзеге асқан жағдайда  отбасы табысының еселеніп, тұрмыс сапасы  жақсарары сөзсіз.

Е.ЕРМАҒАНБЕТОВ,

«Nur Otan» партиясы аудандық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521