Тұрмыс-тіршілігіме үлкен көмек

(0 Votes)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов үкімет отырысында көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан, барлығына бірдей балалардың санына қарай  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін жәрдемақы төлеуді ұсынды.

Өзім «Алтын алқа» иегерімін. Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алып отырмын. Жақында ғана 8-ші баламды дүниеге әкеліп, бала күтіміне байланысты демалыстамын. Жолдасым жұмыссыздық жанынан қоғамдық жұмысқа шығып, еңбек етіп жүр. Әрине, министрдің ұсынысы құптайтын жайт. Өйткені, атаулы әлеуметтік көмекті тек 1 жылға ғана келісім-шартпен алып отырмыз. Әрі қарай жалғасатыны табыс көзіне қарайды екен. Ал, министр ұсынып отырған жәрдемақы отбасыға келетін табыс көзіне қарамастан, барлық көпбалалы отбасыларға төленетіндігі қуантады. Дегенмен, үкімет тарапынан беріліп жатырған  қандай да болмасын, көмектердің арқасында жағдайымызды реттеп, тұрмыс-тіршілігімізді дұрыстауға үлкен септігі тиді. Сондықтан, ұсынылған жәрдемақыны қолдаймын.

Злиха Куанышева,

көп балалы ана

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика