Бүгін 23 қыркүйек күні АЭС салу жөніндегі Халықтық Штаб мүшесі Байда ауылдық округінде болып, Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің,"Әйгерім"бөбекжай балабақшасының ұжым мүшелерімен, ауылдық мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесу өтті.
Кездесу барысында АЭС салу Тәуелсіз Еліміздің өркендеуі үшін стратегиялық маңызы бар жоба екендігі айтылып, 6 қазан күні өтетін Халықтық Референдумға бір ауыздан қатысып дұрыс таңдау жасау керектігі жөнінде түсінік жұмысы жүргізілді.