Аудандық мәдениет үйінде тұрғындарға Оливер Стоунның «Атом уақыты» деректі фильмі ұсынылды.
Фильм аяқталысымен көрермендер ойларын ортаға салып, өзара талқылады.
q
Ауданның белсенді жасы Амантаева Ақтілек Амантайқызы:
«Бүгінгі ұсынылған бейне көрсетілімді толықтай қарап шықтым. Көп мағұлымат алдым. Сондай-ақ менің түйгенім, АЭС-тің электр энергиясы халықтың әлеуметтік жағдайына, ол біздің экономикамыздың дамуына өте өзінің үлесін қосады. Өте бізге керек деген ойдамын. Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтеді. Міндетті түрде қатысамын» деп пікірімен бөлісті.
Шара соныңда «Энергетика -адамзаттың болашағы» атты мерзімді басылымдардан көрме ұйымдастырылып, көпшіліктің назарынан тыс қалмады.
А.БОКИРОВА