Келесі айдан бастап кейбір iPhone-дарда WhatsApp ашылмайды

(0 Votes)

WhatsApp жақында тағы бір жаңартылады, сонан соң мессенджер кейбір Android және iOS смартфондарында жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кең таралған мессенджер операциялық жүйелердің тізімін жаңартады.

iOS 10 және 11 операциялық жүйелері бар iPhone иелері 24 қазаннан бастап WhatsApp-ты қолдана алмайды. Пайдаланушыларға смартфонын iOS 12 және одан жоғары нұсқаға жаңартуды ұсынатын хабарламалар жіберіле бастады.

Алайда iPhone 5 және iPhone 5C смартфондарын iOS 12 нұсқасына жаңарту мүмкін емес. Сондықтан қазан айының соңына қарай бұл смартфондардың иелері WhatsApp әлеуметтік желісін пайдалана алмайды.

Сайт әкімшілігі

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

2

Соңғы жаңалықтар

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика