Ресей азаматтарының Қазақстанға кіруі халық арасында дүрбелең туғызуда.
Тіпті, әлеуметтік желілерде де халық арасында да сенуге тұрғысыз қауесеттер тарауда. Бұл жағдайға алаңдап, дүрлігудің қажеті жоқ. Көші-қон комитеті Ресейден келген азаматтарды не себеппен келгендерін анықтап, мән-жайды бақылауда ұстап отыр. Деректерде, олардың бірқатары жұмыс бабымен, қоныс аударып келді делінген. Барлық жағдайды қадағалап отырғандар бар. Сондықтан қоғамдағы мәселелерді кең көлемде дүрліктіріп, әр түрлі насихат жұмыстарына сенбеу керек.
Ел азаматтары арасында елге кіруге байланысты шектеу қойылу, шекараны бекіту туралы, ресейліктердің көптеп енуіне байланысты қарсылықтар туындауды. Бұған байланысты ҚР Парламент Сенатының төрағасы ешқандай шектеу қойылмайтынын айтып өтті.
"Қазақстан да, Ресей де Еуразиялық экономикалық одаққа кіреді. Біздің арамызда келісімдер, өз ара шарттар бар. Соларға сәйкес, Ресей азаматтары біздің территориямызға келеміз десе, оларға шектеу қоюға құқығымыз жоқ», — деді М.Әшімбаев.
Сенат төрағасы айтқандай, Ресейдегі ішінара мобилизация бұл елдің жеке мәселесі. Бұған Қазақстандықтардың қатысы жоқ. Сондықтан, қорқудың қажеті жоқ. Барлық жағдай тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында.
С.Халенов,
Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы