ИНДЕР АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

(0 Votes)

Аудан елді мекендерінің көріктендірілуі мен санитарлық тазалықтың екі айлығы жарияланып, Индердегі алғашқы сенбілік басталып та кетті.

 Бүгінгі сенбілікте кенттегі барлық мекеме ұжымдары орталық саябақты тазартты. Сенбілікшілер саябақтағы қоқыстарды жинап, арам шөптерден арылтып, тазалық мекемесінің тракторына тиеп шығарды.

Айта кетейік, сенбілікке кенттегі 48 мекемеден 300-ден астам адам қатысып, 12 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 1 су тасығыш, 1жүк тасығыш камаз көлігі, 3 беларус МТЗ тракторы жұмылдырылды. Сенбілік жұмыстары барлық ауылдық округтерде өткізілуде.

Ж.НАРИМАНОВА

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT