Іле ауданының тұрғындары АЭС салу маңызын талқылады

Іле ауданының тұрғындары АЭС салу маңызын талқылады
(0 Votes)

 Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов Алматы облысы Іле ауданының тұрғындарымен, сондай-ақ «Шин Лайн» ЖШС ұжымымен және Байсерке ауылдық округіне қарасты №28 мектеп-гимназиясының ұстаздарымен кездесті.

Жүздесуге қатысушылар атом электр стансасын салудың бүкіл еліміздің, және өңір үшін маңыздылығын талқылады. Сенатор жоба вокзал төңірегіндегі инфрақұрылымды дамыту ғана емес, өңірге жаңа мүмкіндіктер ашатыны туралы айтты.

«Жаңа даму жоспары аясында жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр. Атом электр стансасының құрылысы ұзақ мерзімді келешекте электр энергиясының тұрақты бағасын қалыптастыруға көмектеседі және жергілікті бюджетке салық түсімдерін көбейтумен қатар қоршаған ортаға оң әсерін тигізетін көміртегі негізіндегі энергия көздеріне тәуелділікті азайтады», деді Сұлтан Дүйсембинов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT