Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысында мұнай-газ саласының қызметкерлерімен және мұнайшылармен кездесу өткізді.
Аталған кездесуде еліміздегі электр қуаты тапшылығын алдын ала болдырмаудың бірден-бір тиімді жолы ретінде АЭС салу қажеттігіне ерекше назар аударылды. Жиын барысында сенаторлар АЭС жобасын жүзеге асыру халықаралық ең жоғары стандарттар мен ел мүддесіне сәйкес келетінін жеткізді.
«Энергетикалық тәуелсіздік – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі. Біз атом электр стансасының тұрақты энергия көзі ғана емес, сонымен бірге ұзақ мерзімді келешекте еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі екенін түсінеміз. Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, референдумға белсене қатысу – біздің тұрақты болашаққа ортақ қадамымыз», деді Сүйіндік Алдашев.