Электронды цифрлық қолтаңбаны смартфонға жүктеуге болады

(1 Vote)

Жақында қазақстандықтар электрондық цифрлық қолтаңбаны смартфонға жүктей алады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бүгінде азаматтарға цифрлық қолтаңбаны алуын жеңілдету бойынша жұмысты жүргізудеміз. Осы орайда, электронды цифрлық қолтаңбаны мобильдік қосымша арқылы беруді іске асырмақпыз. Менің ойымша, бұл жұмыс екі-үш айда жүзеге асырылады», - деді А. Оспанов Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, ведомствода тұрғындардың Халыққа қызмет көрсету орталығына бармастан, цифрлық қолтаңбаны алуы мүмкіндігін ұсыну бағытында жұмыстар атқарылуда.

«Егер де қолтаңбаны телефонға орнатсаңыз, біз тиісті мүмкіндіктерді жасаймыз», - деді вице-министр.

Абылайхан Оспановтың айтуынша, электронды цифрлық қолтаңба автоматты түрде барлық қызметтерді қамтиды.

Айта кетейік, бүгінде елімізде қызметтердің 72 пайызға жуығын электронды форматта алуға болады.

Материал: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT