1 шілдеден бастап жәрдемақы өсті

(0 Votes)

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы және бала кезінен І топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өсті.

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерінде (2019 жыл – ЕТК мөлшері 29 698т.), яғни 31183 теңге жәрдемақы алып келді. «2019 жылдың 1 шілдесінде мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға берілетін жәрдемақы мен бала кезінен І топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшеріне дейін көбейді, демек – 41578 теңгені құрады (29698*1,4)»

Саулеш Абылайқызы,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ-ның облыстық филиалдың әлеуметтік қамсыздандыру бойынша

аудандық бөлімінің басшысы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521