Бизнес дамытудың жолы бар

(0 Votes)

Еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл шаруашылық өнімін өндірушінің бәсекелестігіне барынша ғылыми-техникалық және инновациялы технологияны жетілдірудің маңызы өте зор. Ауыл шаруашылық саласы - Қазақстан экономикасының негізгі буыны. Ежелден келе жатқан дәстүрлі ұлттық кәсібіміз, табиғи байлығымыз.

Отандық фермерлер мен елді мекендерді қолдау мақсатында AgroBbiz.kz атты көпфункционалды ауыл шаруашылық интернет-порталы іске қосылғандығы белгілі. Бұл жоба ел экономикасын цифрландыру саясаты шеңберінде мемлекеттің қаржыландыруымен жүзеге асуда. Порталдың идеясы - ауылдық өңірлерге инвестор тарту, жергілікті фермерлердің өнімдеріне сұраныс арттыру, ашық нарыққа шығуына қолайлы жағдай туғызу. Ең бастысы, жабайы делдалдардың жолын кесу. «Егер сіз интернетте жоқ болсаңыз, онда бизнесте жоқсыз» деген уақыт келді. Ашық база жоқ болғандықтан, фермерлер клиентті, ал клиент фермерді іздеп таппай жүр. Енді сайтқа тіркелгендердің телефон нөміріне немесе электрондық поштасына клиенттер мен серіктестер шетелден де жақын маңнан да делдалсыз хабарласып, өнімге тікелей тапсырыс бере алады. Интерактив агрокартада сайтқа тіркелген орналасқан жері көрініп тұрады. Ол сіз тұрған жерден екінші бір фермерге дейін қанша шақырым екенін, көлікпен қанша уақыт жүретініңізді, қанша жанармай шығындайтыныңызға дейін санаулы секундта есептеп береді. Осы себепті ауылдық округтар мен шаруа қожалықтарды порталға тіркелуге шақырамыз.

Г. Сатиева,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бас маманы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT