Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 2 есе артады

Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 2 есе артады
(0 Votes)

2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттеріне берілетін стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.

Интернатурада оқитын студенттер шәкіртақысы – 94 862 теңге, ал резидентурада білім алушыларға – 134 664 теңге көлемінде стипендия төленеді.

Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталып қала бермек.

Студенттердің жекелеген санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленіп отыр.

Мәселен жоғары немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын көру және есту қабілеті бұзылған бакалавриат студенттеріне – 94 651 теңге, магистранттарға – 204 921 теңге, докторанттарға – 459 375 теңге үстемеақы қосылады.

Жаралану, контузия, ауру салдарынан мүгедектігі бар немесе мертіккен адамдарға бакалавриат студенттеріне – 78 558 теңге, магистранттарға – 175 647 теңге, интерндерге – 142 293 теңге үстемеақы белгіленген.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе қамқоршылықтағы жетім балалар қатарындағы білім алушылардың стипендиясы 30%-ға көтеріледі, яғни бакалавриат студенттеріне – 68 083 теңге, магистранттарға – 152 227 теңге, интерндерге – 123 320 теңге үстемеақы төленеді.

Мемлекеттік стипендиядан басқа, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 104 744 теңге мөлшерінде тағайындалатын оқуда ерекшеленген студенттерге, олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған Президенттік стипендия да бар.

Президенттік стипендияны 3-ші оқу жылынан бастап студенттер және 2-ші оқу жылынан бастап магистранттар ала алады. Мұндай стипендияны алуға бюджеттік негізде оқитын студенттер де, ақылы негізде оқитындар да құқылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT