ҚОР ҚАРЖЫСЫ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

ҚОР ҚАРЖЫСЫ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың болашағына арналған бағдарламаның маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде: «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды.

Дегенмен, қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген кезде азаматтардың нақты табысы ескерілмей жатқанын мойындау қажет. Басқаша айтсақ, әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес. Осы - ны ескере отырып, халықты қолдау тәсілдерін жетілдіре түсу қажет. Енді Ұлттық қордың рөліне жеке тоқталайын. Қордың қаражатын, ең ал - дымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет», - деді.

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН

Бағдарламаға кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық бала ав - томатты түрде қатысушы ретінде тіркелген. Жиналған қаражатты бала кәмелет жасына, яғни 18 жасқа толған соң ғана ала алады. Оған дейін есепшоттан шешіп алуға рұқсат жоқ және кәмелет жасына толғаннан кейін жасөспірім өз есепшотына түскен қаражатты баспана немесе білім алуы үшін жұмсай алады. Президенттің бұл бастамасы балалардың болашағына салынған инвестиция көзі екенін ескерген жөн. Яғни жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі. Мәселен, бала жобаны жүзеге асыру кезінде 5 жаста болса, оған 13 жыл бойы, яғни кәмелеттік жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігі жыл сайын есептеліп отырады.

ҚАРЖЫ МӨЛШЕРІ ҰЛҒАЯДЫ МА?

Қаржы министрі Мәди Такиев «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында балалардың есепшоттарына аударылатын қаражат доллар - мен сақталатынын, сондықтан ол инфляциялық әсерден қорғалғанын жеткізіп отыр. – Инвестициялық кіріске келсек, биыл 2,6 пай - ыз есептедік. Келесі жылы инвестициялық кіріс 3 пайызға дейін болады деп болжап отырмыз. Сондықтан 1 қаңтарға қарай 118-120 доллар көлемінде болжап отырмыз. Бірақ 1 ақпанға дейін нақты көрсеткіштерді айтамыз, - деді ол. Айта кетейік, қарашаның аяғында Қаржы министрлігі 2025 жылы «Ұлттық қор – балаларға» жобасына 888,8 миллион доллар мақсатты түрде бөлінетінін хабарлаған болатын. Бұл қаражат 18 жасқа толмаған қазақстандық балалардың есеп - шоттарына аударылады.

ЖОБА ОПЕРАТОРЫ – «БЖЗҚ» Жобаның басты шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» тағайындалған. Есепшоттар жеке тұлғалардың дерек қорын негізге ала отырып, автоматты түрде ашылады. Сонымен қатар, әр жылдың қаңтар айында кәмелет жасқа дейінгі балалардың барлығына жобаның іске қосылған уақытынан бастап шартты түрде түсетін қаражаттың көлемі есептелінеді. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті қанағаттандырған (БЖЗҚ өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторға аударды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 788 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 120 525,06 АҚШ дол - ларына 1 204 өтініш бар. Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы екенін ескер - ген жөн. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында сақталады. Айта кетер жайт, жобаға қатысатын балалардың Қазақстан Республикасының аза - маты болуы міндетті. Республика азаматтығы болмаған жағдайда кәмелет жасқа «БЖЗҚ-да Қазақстан азаматтары болып табылатын және ағымдағы жылы 18 жасқа толатын балалардың нысаналы жинақтау шоттарында жинақталған ақша нысаналы жинақтар деп аталады. Осы қаражатты пайдалану үшін бағдарламаның кәмелетке толған қатысушысы нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-дан АҚШ долларымен аударылатын банктік шот ашып, уәкілетті операторларға жүгіне алады. Және бағдарлама аясында балалардың бұл қаражатына салық са - лынбайды. Яғни шотқа қанша ақша аударылса, 18 жасқа толғаннан кейін бала сол қаражатты түгел пайдалана алады. Иә, өзіне тиесілі соманың игілігін көру үшін бала міндетті түрде кәмелетке толуы керек. Шоттағы қаражатты тұрғын үйге немесе жоғары білім алуына жұмсауға 18 жасқа толған азамат қана құқылы. Баланы нысаналы талаптарға қатысушылардың тізіміне енгізу туралы ақпаратты ата-аналар не - месе кәмелетке толмаған тұлғаның басқа да заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша тексере алады. Мұнда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауаптар алуға да бо - лады. Сондай-ақ, әрбір балаға есептеулер туралы деректерді ата-аналар egov.kz порталындағы жеке кабинетте де тексере алады. Республиканың жас мөлшері, өңірлері бөлінісінде есептеулер бойынша статистикалық есептер мен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісінде білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды төлеу туралы толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының тағы бір тиімді тұсы – баланың жасы 18-ден асып кетсе де есепшоттағы қаражаттың 5-10 жыл көлемінде сақталып тұруы. Осы уақыт аралығында бала шоттағы қаражатты игермеген болса, жиналған қаражатты зейнетақы шотына аударуға қатысты ұсыныс алады. Сонымен қатар, Ұлттық қор төлемін аудару бала қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Бұл жағдайда мұрагерлік құқығы күшіне енеді. Ондай баланың мұрагері кім бола алатыны Азаматтық кодекстің айрықша бөлігінде көрсетілген, яғни әр баланың мұрагері нақты жағдайы бойынша анықталады.

«БІЗГЕ ҮЛКЕН КӨМЕК»

Аудан тұрғындары да «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы балаларға берілген үлкен мүмкіндік деп санайды.

– Бағдарлама баланың болашағына мемлекет тарапынан салынған инвестиция дер едім. Бала- ны дүниеге әкелгеннен кейін оған сапалы білім беру – ата-ананың міндеті. Жоғары білім алу үшін қаражаттың керек екені жасырын емес. Неге десеңіз, барлық бала бірдей мемлекеттік грант иегері бола алмайды. Ал бұл қаржы болашақта ұрпағымыздың білім алып, лайықты маман болуы үшін көмек болатынына сенемін. Өзім – көпбалалы анамын. Сондықтан қорда жиналған қаражат көптеген ата-анаға көмек болары сөзсіз,- дейді Раиса Ерболатқызы. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл бағдарлама – еліміздің балаларының болашағының жарқын болуына қаланған тетік. Сол үшін ел мүддесін жан-жақты сараптаған ұлттық бағдарлама арқылы әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көре алады.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT