Бес ҮЕҰ 1 млн теңгенің грантын жеңіп алды

(0 Votes)

Атырау облысында ауылдық ҮЕҰ-ның әлеуетін арттыру жобасы аясында бес бірдей жоба 1 млн теңгенің грантын ұтып алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшылығымен Атырау облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру бағытындағы жобаны жүзеге асырып жатыр. Осы жобаны жүзеге асыру барысында ауылдық аймақтардағы үкіметтік емес ұйымдарды құру арқылы ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыру мақсаты қойылған болатын. Жоба барысында тұрғындарды ары қарай жұмыс істеу үшін оқыту және ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

grant-1

28 қазанда Атырау облысындағы барлық аудан бойынша ең үздік бес жоба анықталды. Жобаның әр жеңімпазы 1 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант жеңіп алады.

Атап айтсақ, Исатай ауданынан Арайлым Қалиева, Алмагүл Еспағамбетова, Дулат Шыманов, Қызылқоға ауданынан Айгерім Отарова, Жылыой ауданынан Алтынгүл Атабаева 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленді.

Ұтыс иелері алдағы уақытта ауылдық ҮЕҰ-дар мен бастамашыл топтарға жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешпек. Сондай-ақ, ауыл халқын жобалық басқаруға үйрету арқылы азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етпек.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT