Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көптің ойына әсіресе көпбалалы аналардың ойына сенімсіздік ұялаған болатын. Енді үкімет әлеуметтік қолдаудың тетігін түзетті. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Заңға сәйкес жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі. Осылайша көпбалалылардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Ал, 1 қаңтардан бастап, атаулы әлеуметтік көмек алып келген отбасылар үшін төлем автоматты түрде тоқтатылғаны белгілі. Енді олар қайта құжат рәсімдеп, өтініш берулері шарт. Өткен жылдың сәуір айынан бастап, көмектің бұл түрі ауданда 160 адамға тағайындалған-ды.
Президенттің өзі пәрмен берген жаңа заң бойынша мемлекеттік жәрдемақы тұңғышы 18-ге толмаған немесе 23 жасқа дейін күндізгі бөлімде оқитын барлық көпбалалы отбасыларға тиесілі. Отбасылық табыс есепке алынбайды. Жанұядағы бала саны төрттен асқан қалталы да, жарлы да жәрдемақы алуға құқылы.
Мақат ауданында көпбалалыларға тиесілі бұл көмекке құжат рәсімдеу қараша айынан басталып, бүгінде 1050 отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған.
Бұл жүйенің бұрынғы жүйеден айырмашылығы қандай? Атаулы әлеуметтік көмек енді қалай тағайындалмақ?
Бұл туралы толығырақ газетіміздің №3 санынан оқи аласыз!
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Сурет: ашық дереккөзден