Əрине, Абай данамыздың маржан сөзімен рухтанған ұрпақтың болашағы кемел болары анық.
Осы үрдістің нұрлы боларына сенім білдірген Президентіміздің пікірі қымбат. Әсіресе, қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз деп дөп басты.
Қолдап, қуаттаймыз.
Е.ЖОЛАМАНОВ,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы