«Баланың бақытты мекені – отбасы»

(0 Votes)

Осындай тақырыпта Ұлттық бала асырап алу агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу. Айта кетерлік қуанышты жайт – заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында қабылданды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру саласындағы алдағы жаңалықтарды талқылауға білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері және т. б. келді.

8 жылдың ішінде Ұлттық бала асырап алу агенттігінің көмегімен 1966 бала қазақстандық отбасыларға орналастырылды. Олардың 253-і Реабилитация жобасындағы диагнозы бар балалар және ол отбасыларға атаулы материалдық көмек, балалардың денсаулығын қалпына келтіру және оңалту түрінде қолдау көрсетілуде.

Алайда 4200-ге жуық бала әлі де ата-анасын интернаттық мекемелерде күтуде. Олардың басым бөлігі жасөспірімдер, ағайындылар және диагнозы бар балалар. Бұл мәселенің шешімі біздің елімізде үздік әлемдік тәжірибені – Кәсіби қабылдаушы отбасылар институтын енгізу болуы мүмкін.

Дөңгелек үстелге қатысушылар белсенділік танытып, кәсіби қабылдаушы отбасылар институтын әр қырынан қарастырды. Отбасыларға төленетін ақы, ата-ананың жұмысы мен пайда болуы мүмкін мәселелер талқыланды. Кәсіби қабылдаушы ата-аналардың жоғарғы білімі қызу талқыланып, «міндетті түрде педагогикалық жоғары білім алған болуы керек па?» - деген алаңдаулар пайда болды.

Қойылған сауалға «Ұлттық бала асырап алу агенттігінің» басшысы, Рахметова Фарида: «Кәсіби қабылдаушы ата-ананың педагогикалық білімінің болуы ең маңызды фактор емес. Тереңдетілген психологиялық диагностика мен оқыту маңыздырақ. Осы мақсатта біздің агенттік Кәсіби қабылдаушы ата-ана боламын деген үміткерлерге психологиялық талдау жүргізеді. Содан кейін тексерілген үміткерлер психологиялық дайындықтан өтіп, сертификат алады», - деп жауап берді.

Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік органдарға Кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы мен мәні егжей-тегжейлі баяндалды.

Қазақстандық бизнесмендердің жобасы болып табылатын «Ана Үйі» ҚҚ 11 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалар санын азайту мақсатында өз қызметін жүзеге асырып келе жатыр. Ұлттық бала асырап алу агенттігінің миссиясы – қазақстандық қоғамда бала асырап алу мәдениетін дамыту, қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеу және кәсіби даярлау. Қазақстанның 20 қаласында балалар үйлері мен сәби үйлерінен балаларды өз отбасыларына қабылдағысы келетін азаматтарға (отбасыларға) мамандар кеңес беретін консультациялық кабинеттер жұмыс істейді. Психологтар Қабылдаушы ата-аналар мектептерінде әлеуетті асырап алушыларды дайындайды. Бүгінгі таңда Ұлттық бала асырап алу агенттігінің көмегімен 1318 қазақстандық отбасына 1966 бала орналастырылды. Барлығы 18112 азаматқа кеңес берілді, олардың 6048-і Қабылдаушы ата-аналар мектебінен өтті.

Фото пресс-служба общественного фонда "Ана Үйі"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT