Баламды жат ағымнан қалай қорғаймын?

Баламды жат ағымнан қалай қорғаймын?
(0 Votes)

 Еліміз тәуелсіздігін алып, асыл туымызды көкке көтеріп бабамыз аңсаған тәуелсіздікті қолымызға тигеніне 30 жылдан астам уақыт болды. Осыншама уақытта елімізде дін саласы бойынша көптеген жұмыстар жасалды. Қаншама мешіт, медресе сонымен қатар сауатты мамандар дайындалды. 

Дегенмен, еліміздің бірлігін қашырып, берекесін алып, ата-бабамыз ұстанып келе жатырған асыл дінімізді қатеге шығарып, жастарымызды улап жүрген жат ағым өкілдері де аз емес. Жалпы, статистика бойынша елімізде жастардың дінге бет бұру көрсеткіші жоғары. Алайда олардың барлығы асыл дінімізді ұстанса, кейбір жастар өкінішке орай, жат ағым өкілдеріне құрбан болып жатыр.

Мен теолог маман ретінде сізге балаңызды жат ағымнан қорғау үшін маңызды бірнеше кеңес беремін:

1) Балаңызбен сырлас болыңыз, балаңызға не ұнайды қандай нәрсе ұнамайды оның ортасы, сүйіп көретін бағдарламасы, барлығын сіз ата-ана ретінде қадағалап, кеңес беріп тұруыңыз қажет. Өкінішке орай, кейбір ата-анамен баланың арасында ешқандай мәміле жоқ. Тек қана тұрмыс тіршілік мәселесімен шектелген. Сондықтан, баламен байланыс немесе мәміле болмаудың кері әсері орасан зор.

2) Балаңызға алғашқы ұстаз сіз болыңыз. Дін мәселесін егер сіз үйретпесеңіз онда балаңыз дінді көшеден үйренеді. Алайда сіздің діни біліміңіз жоқ, қайтпек керек? Егер сіздің діни біліміңіз болмаса баланың қолынан жетектеп, білімді мешіт имамдарына тапсырыңыз немесе Атырау облысында дін істер басқармасы жанынан ашылған «Шапағат» қоғамдық қорының теолог мамандарынан тегін түрде қызмет ала аласыз.

3) Салт-дәстүрді үйрету. Жалпы халқымыздың әдеп-ғұрыптары дінмен біте қайнасқан. Сол себепті балаңызға халқымыздың салт-дәстүрінің түбін зерттеп, зерделеп келетін болса түбін діннен табатынын айту қажет.

4) Балаңызға жан-жақты ақпаратты қарауды, және де зерттеп, зерделеуді үйрету қажет. Себебі жат ағым өкілдерінің ең үлкен қатесі тек бір жақты ақпаратты қарау, бір жақты дәлелмен шектелу және де екінші жақты тыңдамау осы олардың басты қателіктері.

5) Араласып жүрген достарын тану,бұлда өте маңызды. Өйткені, адамға өзінің ортасы араласып жүрген достары қатты әсерін береді. «Сен маған достарыңды айт,мен саған кім екеніңді айтамын» деген сөз бекер емес.

6) Телефондағы бағдарламаны қадағалау. Бұлда өте маңызды. Себебі, жат ағымның негізгі құралы ол әлеуметтік желі, сол үшінде әлеуметтік желіні қадағалау қажет.

Бекет Қалыбекұлы,

«Шапағат» Қоғамдық қорының теолог маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT