«Сарыөзек» арнасында 600 келіден астам шабақ құтқарылды

(0 Votes)

 Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Махамбет ауданы әкімдігімен бірлесіп, Талдыкөл ауылының маңындағы «Сарыөзек» арнасынан шабақтарды құтқаруда. Оған 20-дан астам қызметкер мен ауыл тұрғындары, бес техника жұмылдырылды,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсиннің айтуынша, арнадағы су деңгейі төмендеп, шабақтар таязда қалды.

- 20 шілдеде әлеуметтік желілерде «Сарыөзек» арнасында шабақтардың қырылып жатқаны жайында ақпарат тарады. Арнайы құрылған комиссия 21 шілдеде оқиға орнына барып, экология департаменті мамандары судан сынама алды. Сонымен қатар, санитарлық талаптарды сақтай отырып, жалпы салмағы 80 келі өлген шабақтың көзін жойдық. Бүгін, 22 шілдеде шабақтарды құтқару жұмыстары басталып, сағат 18:00-дегі жағдаймен 600 келіден астам шабақ құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді. Бұдан басқа, «Қазсушар» РМК мамандарымен бірлесіп, «Сарыөзек» арнасының су деңгейін арттыру бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бұл шабақтарды құтқарумен қатар жүреді, - деді Н. Гайсин.

Н.Гайсиннің айтуынша, биыл маусымнан бастап облыста 49 млн-нан астам шабақ құтқарылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT