Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Спорт және балалар ойын алаңы Геолог, Балауса, Елшібек, Сарықамыс, Байтақ, Өркен, Жерұйық , Бірлік, Сарыөзек, Көкарна ықшамаудандарында салынады.
Атырау қалалық құрылыс бөлімінің жобалау- сметалық құжаттама секторының меңгерушісі Арман Абдоловтың айтуынша, құрылыс шілденің аяғында басталады.
- Қазіргі уақытта аталған құрылыстарға жобалау-сметалық құжаттама жасалды. Конкурс жарияланып, бес мердігер мекеме жеңімпаз атанды. Аталған елді мекендерге футбол, баскетбол, воркаут алаңдарын салу жоспарланған. Сондай-ақ вандализмнің алдын алу үшін құрылысқа жоғары сапалы материалдар пайдаланылады. Жоспар бойынша қазанда қолданысқа беріледі, - деді А.Абдолов.
Бұған дейін Қайыршақты, Дамба, Талғайран, Алмалы елді мекендерінде спорт және ойын алаңдары ел игілігіне берілді.