Бала күтіміне төленетін жәрдемақы 2021 жылы қаншаға артады?

(0 Votes)

Баланың туылуына байланысты төленетін біржолғы жәрдемақы өсті және келесідей болды:

бірінші, екінші және үшінші балаға – 110 846 теңге (38 АЕК).

төртінші балаға – 183 771 теңге (63 АЕК).

Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне төленетін жәрдемақылар да өсті:

бірінші балаға – 16 802 теңге (5,76 АЕК).

екінші балаға – 19 865 теңге (6,81 АЕК).

үшінші балаға – 22 899 теңге (7,85 АЕК).

төртінші және одан кейінгі балаларға – 25 962 теңге (8,9 АЕК).

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 18 669 теңгені (6,4 АЕК) құрады.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша банкрот салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан азаматтарына төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін 2021 жылдың 1-қаңтарына дейін тағайындалған ай сайынғы төлемдердің (регресстік төлемдердің) мөлшері де 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап 5% көтерілді.

         

С.Абылайқызы,

Мақат аудандық әлеуметтік

қамсыздандыру бөлім басшысы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT