Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) көтерілуіне байланысты өсірілді.
Ең төменгі базалық зейнетақы – 18 524 теңге.
Ең жоғары базалық зейнетақы (еңбек өтілі 33 жыл және одан да көп ) – 34302 теңге.
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) өзгеруіне байланысты 5%-ға өсті.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (АМЖ) және мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың (№1 және №2 тізім бойынша) мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеруіне байланысты 5% - ға өсті.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдер 5% - ға өсті.
С.Абылайқызы,
Мақат аудандық әлеуметтік
қамсыздандыру бөлім басшысы
Сурет: ашық дереккөз