"Nur Otan" партиясының сайлауалды штаб мүшелері және сенімді өкілдері әлеуметтік сала қызметкерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еліміздің жетекші партиясы ауданымыздың экономикасын әрі қарай дамытуға арналған бағдарламаларымен таныстырды. Дамудың жеті басымдылығын түсіндірген партия өкілдері бұл жолы экономикалық тұрақты аудан бөліміне айрықша тоқталды.
Аудан тұрғындарының табысын арттыруды көздеген «Nur Otan» партиясының негізгі бағыты - тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту.
Ауданның экономикасын дамытуда, тұрғындарды жұмыспен қамтуда ірі өндірістік кәсіпорындар «Болашақ» мұнай-газ өндіру, дайындау зауыты, «Доссормұнайгаз» өндіру басқармасы, Мақат желілік өндірістік басқармасы, Мақат локомотив пайдалану депосы, «Алтиес Петролеум Интернешнл», «Таңдай Петролеум», «Манаш Петролеум», «Доссор-Сервис» сынды ірі өндірістік кәсіпорындар және шағын орта бизнес субъектілері маңызды рөл атқаратынын алға тартып, мұнай өнеркәсібі секторының тұрақты жұмысының арқасында covid -19 пандемиясы жағдайында аудан экономикасындағы шығындар мен жұмысшылардың жаппай босатылуына жол берілмегені сөз болды.
Ауданның экономикасын дамытуға инвестиция тарту арқылы, шағын және орта кәсіпкерлікті және өңдеу өнеркәсібі саласын дамытудың басты басымдықтарына мән береміз дейді "NurOtan" партиясының сенімді өкілдері.
Олар сондай-ақ 2025 жылы Мақат ауданының өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың өсімін 1 пайызға арттыру үшін арнайы міндеттерді алға қойғанын жасырмады. Мұнай көлемін 515,7 мың тоннадан 2025 жылы 540 мың тоннаға дейін ұлғайту, өндеу өнеркәсібін әрі қарай дамыту үшін 2 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлау, 2023 жылы ауданда қуаттылығы 48 мВт жел электр станциясын іске қосу, 2025 жылы Ескене елді мекенінің аумағынан қуаттылығы жылына 1 млрд. нано текше метргазды кешенді дайындау қондырғысының құрылысын салу секілді жобаларға жан бітіру осы міндеттердің қатарында.
А.САДЫКОВ
Cуреттер автордан
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді