Атырауда тегін STEAM курстарға оқушылар қабылданып жатыр

(0 Votes)

Ғылым, технология, инженерия, өнер мен математика кіріктірілген STEAM курстары ​ Атырау қаласындағы Абай орталығында «JasSpace» кеңістігінде өтеді.

Курсқа 7-11 сыныптың оқушылары Instagram желісі @aydi.kz парақшасы арқылы тіркеле алады.

«Оқушыларға Arduino, 3D модельдеу мен басып шығару, экология, химия, анатомия, ағашпен жұмыс, робототехника бойынша білім беріледі. Сабақ 12 қыркүйек күні басталып, жылдың соңына дейін жалғасады. Оқушыларды онлайн форматта тіркеу жыл бойына жүре береді.

Әр курстың бірінші легіне 40 оқушыдан қабылданады. Әр лектің оқу мерзімі 1 ай. Оқушыларға кезек-кезегімен білім беріледі» дейді жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

Еске сала кетелік, STEAM курстары ​ «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Орталық Азияның Еуразия Қоры» жүзеге асырып жатқан ​ «JasSpace»: Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр.

Бұған дейін «JasSpace» кеңістігінде ұйымдастырылған STEAM бағытындағы жазғы бағдарламалармен 273 оқушы қамтылған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521