Алғыс айту күні – адамдардың бір-біріне шынайы ризашылығын білдіріп, барлық жақсылықтарға, көмектер мен қолдауларға алғыс айту күні. Бүгінде бұл мереке еліміздегі көпұлтты қоғамның татулығын әрі достығын нығайту мақсатында аталып өтуде.
Осы ретте Атырау облысында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен этностар өкілдері ерекше челлендж бастады. Бұл челлендж әлеуметтік желілерде 1-наурызға дейін жалғасын таппақ.
Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік шаралар 1-наурыз күні этномәдени бірлестіктердің салтанатты шарасымен басталып, жыл бойына тойланатын болады.