Атырауда мектептердің басқару құрылымын кәсіби оқыту семинары басталды

Атырауда мектептердің басқару құрылымын кәсіби оқыту семинары басталды
(0 Votes)

 Бүгін аймақтың 50 мектебінің басқарушы командаларын «Атырау жаңа мектебі» жобасы шеңберінде кәсіби қайта даярлау бағдарламасы басталды. Бұл сәуірге дейін жалғасып, заманауи білім беру жүйесін басқарудың тиімді менеджмент құралдары мен әдістерін үйретеді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, педагогтердің біліктілігін арттыруда қажетті қолдау көрсетілетінін айтты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Педагог — ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды»,-деп атап өтті. Бұл орайда білім беру саласының жаңашыл көшбасшыларын даярлауға баса мән беріледі. Себебі сіздер балаға білім беріп қана қоймай, олардың әлеуметтік дағдысы мен эмоциялық интеллектін дамытуға ықпалыңыз зор. Сіздер кәсіби тұрғыда өсіп, өзгерістерге дайын болуыңыз қажет,-деді Д.Шамұратов.

Бағдарлама білім ордаларының директорлары мен басқарушы командаларына мектепті басқарудың жаңа модельдерін енгізу, деректерге негізделген стратегияларды қолдануды үйрету мақсатында өтіп отыр.

Бағдарламаның ерекшеліктері:

* Тәжірибелік тағылымдамалар: Эстония және Финляндиядағы PISA нәтижесі жоғары елдердің білім беру жүйесімен танысу. Қатысушылар үздік мектептердің базасында оқу бағдарламалары, оқыту жүйесі, педагогикалық кадрларды дайындау және ерекше білім қажеттілігі бар оқушыларды оқытып, тәжірибе алмасады.

* Қазақстандық инновациялық мектептерді зерттеу: High Tech Academy, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп және Tamos Space School сынды оқу орындарының модельдерін зерделейді.

* «Қазақстан мектебін басқару» симулятор ойыны: Қатысушылар практикалық кейстерді шешіп, бекітілген менторлармен бірге мектептің даму бағдарламасын құрастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT