Оның ішінде 564 отбасындағы 3 556 адамға шартты ақшалай көмек, 213 шаңырақтағы 1 046 адамға шартсыз ақшалай көмек берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аз қамтылған отбасылардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында облыста 69 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек осы учаскелік комиссиялармен зерделеніп, отбасының жиынтық кірісі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болған жағдайда тағайындалады,- деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жанар Қайседенова.
Сонымен қатар, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтері үшін тұрғын үй көмегі беріледі.
- Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтініш иесінің өткен тоқсандағы шығыны мен жиынтық табысы үлесінің айырмасы ретінде белгіленеді. Жиынтық табыстың шекті жол берілетін үлесі облысымызда 5 пайызды құрайды, - деді Ж.Қайседенова.
Сәуле МАҒАУ